«Адалдық- ардың ісі»

2023 жылдың 17 қазанында Жұмабек Тәшенев атындағы университеті мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Адалдық ардың ісі» тақырыбында 1-3 курс студенттеріне дәріс өтті. Университеттің әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын ұйымдастырылып отырған дәрістің мақсатымен таныстырып өтті. Дәріс барысында аталмыш департаменттің бас маманы Жазира Салханқызы Әлжанова университетіміздің білім алушыларына Сыбайлас жемқорлыққа алып келетін түрлі тәуекелдер мен нақты белгілерді ажырата отырып, толыққанды түсіндіріп өтті. Ол өз кезегінде білім алушыларға түсінікті болу үшін күнделікті кездесетін жағдаяттарды мысалға келтіре отырып, әрбір адамның бойында ішкі ниеттің түзу қалыптасу керектігін жеткізді. Сонымен қатар, білім алушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Оқиға категориялары