Қаржылық сауаттылықты арттыру - заман талабы!

Шымкент қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері университетімізде болып, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына мемлекеттік бағдарлама аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Кездесуде сөз алған салық ардагерлері ұжымының төрағасы Лесбек Қозыбақов, департаменттің бас маманы Нұржан Бакибаев пен жетекші маман Нұрбол Құмарбеков профессор оқытушылар құрамына Еңбек заңына енген өзгерістерді жеткізіп, студент жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру аясында дәріс оқыды. Қатысушылар аталған тақырыптар барысында салық органдары мамандарына сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.