"Жырлайды жүрек" атты әдеби-сазды кеші

2024 жылдың 15 ақпанында А.Ж.Тәшенев атындағы "Тілдер және әдебиет" кафедрасының ұйымдастыруымен айбынды ақын М.Мақатаевқа арналған "Жырлайды жүрек"атты әдеби-сазды кеш  өтті.
Іс-шараға «Филология» факультетінің деканы А.А. Мамыт, Тілдер және әдебиет кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. З.Т.Жантасова,   ф.ғ.к. Қалыбеков, аға оқытушы Р.А.Арынбаева сөз сөйлеп, білім алушыларға М.Мақатаев туралы ойларын ортаға салды. «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының білім алушылары М.Мақатаевтың көркем жырларын оқып, көрермендер ризашылығына бөленді. Тұрмаханбетова Жұлдыздың М.Мақатаевқа арнап  шығарған өлеңі кештің көркін ашты. Студенттер белсенді қатысып, шетпе күйлер мен ақын жырларынан әсер алды. М.Мақатаевтың отты жырлары жастардың жүрегін тебірентті.