"AI and Jobs in the 21st Century" атты заманауи дебат

«IT және шетел тілдері» факультеті, «Ағылшын тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс Шетел тілі (ІР), Іскерлік әкімшілік, Ақпараттық технологиялар білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған "AI and Jobs in the 21st Century" атты заманауи дебат 2025 жылдың 14 наурызында сағат 13:30-15:30 аралығында «Ақ үй» ғимаратында өтті.
Дебатта жас ғалымдар мен студенттер жасанды интеллектінің жұмыс орнындағы рөлі мен болашақта еңбек нарығына әсері туралы өз пікірлерін білдірді. Олар технологияның дамуы жұмыс орындарының азаюы мен жаңа мамандықтардың пайда болуы арасындағы балансты қалай сақтауға болатындығы жөнінде пікірталас жүргізді.
Бұл іс-шара студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға деген қызығушылығын арттырды.
 

Оқиға категориялары