"Жас маман-2021" жəрмеңкесі

13.04.2021ж. Түркістан облысы, Жетісай қаласында "Сырдария" университетінде студенттер үшін, "Жас маман-2021" бағдарламасы бойынша бос орындар жəрмеңкесі ұйымдастырылды! Жəрмеңкеге соңғы курста оқитын студенттер қатысты.
 Бұл шараның басты мақсаты - келешек жас мамандардың икемділігін арттырып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау. Əсіресе, бітіруші түлектер үшін өте тиімді! 
 Жалпы, жəрмеңкеге 25 тен астам жұмыс беруші қатысып, студенттерге бос жұмыс орындарын ұсынды! Соның ішінде, "Құқық жəне экономика" кафедрасының білім беру бағдарламасының студенттеріне арнайы келген, Жетісай аудандық сотының Кеңсе меңгерушісі Паташов Бекжан мырза жəне Экономикалық талдау жəне меншік секторының меңгерушісі Амангелдиев Сұңғат мырза өз ұсыныстарын айтты. Жəне жастарға мемлекеттік қызметте орналасу тəртібі, тестілеу бағдарламасы мен ережесін түсіндіріп берді. Ал студенттер жұмыс берушілермен жеке жүздесіп, келешек жұмыс орындары туралы сұрап білді.
 

Теги:

Оқиға категориялары