БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ - 2021
- 1 view
Syrdariya University-де түлектерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. SU заманауи еңбек нарығының талабына, Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму міндеттеріне сай сапалы білім беруге ұмтылады. Еңбек нарығының мамандарға деген қажеттілігін айқындау үшін, жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен байланыс орнатып, түлектердің жұмысқа орналасуына көмек көрсету мақсатында университет қабырғасында жыл сайын бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіледі.
Университет түлектерін жұмысқа орналастыруға көмек көрсету, қызықты, перспективалы жұмыс іздеуге жәрдемдесу, жұмыспен қамту және жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында университет түлектері, жұмыс берушілер, өндірістік кәсіпорындардың, ұйымдардың және өңірдің сот құрылымдарының өкілдері жиналды.
Кадрларды іріктеу және жұмысқа орналастыру міндеттерін шешудің белсенді түрлерінің бірі ретінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізудің маңызы орасан. Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушыларыға жас мамандардың мансабын дамыту және тұлғалық даму мәселелерін шешуге бағытталған ақпараттарымен бөлісті.
Бос орындар жәрмеңкесіне: Жетісай аудандық сотының төрағасы - Шиндалиев Арман Жабайұлы; Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Жетісай ауданы филиалының директоры - Бапаев Талғат Болатбекұлы; Жетісай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы - Төреқұл Жұмағали Төреқұлұлы; Қ.Жандарбеков атындағы драма театр директоры - Срайлов Бақыт Бимырзаұлы; Жетісай ауданының «Экономика және қаржы» бөлім басшының орынбасары - Мелдеханов Ғабит Сейіткерімұлы, «Дарын» мектеп интернаты директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары - Нұрмағанбетов Нұрлыбек Ахметжанұлы қатысып, сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын білдірді.
Іс-шара барысында түлектер сұрақтар қойып, оларға толықтай жауап ала алды.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет