Ішкі академиялық ұтқырлық жұмысы жалғасын табуда

"Сырдария" университеті ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның бір көрінісі Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы Перизат Абдуразакованың дәріс оқуға келуі.

Перизат Абдуразакова 5B011900 – "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығының 3 курс студенттеріне "Шетел тілін арнайы мақсатта оқыту С1 деңгей" пәні бойынша және аталған мамандықтың бірінші курс студенттеріне "Практикалық грамматикадан" дәріс оқыды.

Студенттер республиканың жетекші оқу орындарының маманынан дәріс тыңдап, білім жолындағы ізденістеріне серпін алды.