«Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау» ашық дәріс
- 1 view
«Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Азизбекова Айжамал Сұлтанбекқызы ағымдағы жылдың 12 ақпанында Еп -23-7,10,12,13 к топтарында «Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді. Сабаққа Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы З.М.Оралова, кафедра меңгерушісі С.Н.Апашева, кафедра оқытушылары А.А.Зоржанова мен А.М.Утемисова қатысты. Сабақ барысында білім алушылар девиация ұғымымен, девиантты мінез-құлық түрлерімен, девиантты мінез-құлықты анықтаудағы биологиялық, психологиялық және әлеуметтанулық теориялармен танысты. Сонымен қатар, әлеуметтік бақылау және санкциялау жүйесімен ақпараттанды. Студенттер сондай-ақ өздерінің аталған тақырыпқа сай жасаған пилотажды зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Сабақтың қорытынды бөлігінде лектор студенттердің тақырыпты қалай түсінгендігін анықтау мақсатында google forms платформасында сауалнама жүргізіп, берілген жауаптарды талдап кері байланысты жүзеге асырды. Ашық дәріс сабағының соңында сабаққа қатысқан қонақтар дәріс сабағына оң бағаларын беріп өтті.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет