Жылдағыдан ерте жарияланған Жолдаудың маңызы талқыланды

Қазан айының 9 күні университеттің профессор-оқытушылар құрамы Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады. Э.ғ.д., профессор Бегім Серікұлы Жолдаудағы 6 бөлімді талдап, әрқайсысының маңыздылығына тоқталды.

"Жолдаудың бірнеше ерекшелігін айтып өтуге негіз бар. Ұлт көшбасшысы Жолдауды жылдағыдан ерте жариялап, тиісті міндеттер мен өзгерістерді енгізуді ұзаққа созбай, келер жылдың басынан қолға алуды тапсырды", - дей келе елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын жақсарту туралы бастамаларын, прогрессивті дамуға бағытталған реформаларын талқылады.

"Отан және шетел тарихы" кафедрасының доценті, т.ғ.к. Мырзабай Мейірбеков Жолдауда қарастырылған мәселелерді сөз ете келіп, Елбасы міндеттеген бастамаларды жүзеге асыруда университет ұжымы іс-шаралар ұйымдастыруға ат салысу керек екендігін атап өтті.

Теги: