Жетісай аудандық прокуратура өкілдерімен бірлесе өткізілген семинар
- 1 view
Қазан айының 8 күні "Құқық және экономика" кафедрасы мен Жетісай аудандық прокуратура өкілдерімен бірлескен таныстыру семинары болып өтті.
Шараның мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қылмыстық жағдайға жеткізетін әрекеттер сипатын саналы түрде ұғынуына ықпал ету, елге, қоғамға қызмет ететін патриот жастарды тәрбиелеу.
Семинарға "Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы", "Кәмілетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы", "Кәмілетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған адамдардың картасы", "Апаттылық картасы" тақырыптары негіз болды.
Жиын барысында Жетісай ауданының прокуроры, Әділет кеңесшісі Нұрғали Шекербекұлы Асқанбеков студенттерге Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Ұлт жоспары – 100 нақты қадам" бағдарламасының 32-ші қадамы "Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы" ұлттық ақпараттық жүйесінің негізінде "Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы" интернет-порталын құру болып табылатынын, картада елде жасалатын барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар, олардың жасалған орындары мен жағдайлары көрсетілетінін, карта "online" режимінде жұмыс істейтінін түсіндіріп өтті.
Картаның бірегейлігі – бұл сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай тізілім базасымен ықпалдастырылған және соның арқасында қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат полицияда арызы тіркелгеннен кейін автоматты түрде Карточкада дереу пайда болатынын сөзге алды прокуратура өкілі.
"Орнын, уақытын және қылмыс түрін, сондай-ақ қылмыс жасаған адамдар туралы барлық ақпаратты көруге болады. Сондай-ақ, аймақтағы қылмыс динамикасы көрсетіледі. Адамдар ауданның қаншалықты қылмысты екенін біле алады, аудандарды, көшелерді немесе үйлерді бір-бірімен салыстыра ала алады. Карталарда Қазақстанның кез келген нүктесінде жасалған қылмыстар көрсетіледі".
"Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар картасы", "Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған адамдардың карталары" және "Апаттылық картасы" үйлестік тәсілі бойынша жұмыс істейтіндігі айтылды бас қосу барысында. Сондай-ақ студенттер тарапынан берілген бірнеше сұрақтарға Нұрғали Шекербекұлы Асқанбеков жауап берді.
Семинар жұмысының қорытындысында "Құқық және экономика" кафедрасы меңгерушісінің көмекшісі Е.А. Бакиров дұрыс өмір салтын жүргізу, заң бұзбау маңызды екенін, кез келген заң бұзушылық, тіпті ұсақ бұзақылық ҚР құқықтық статистика Комитетінің деректер базасында тіркелетінін және болашақта құқық қорғау органдарына, сондай-ақ мемлекеттік қызметке жұмысқа кіруге елеулі кедергі болуы мүмкін екендігін де атап өтті.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет