“ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ” пәнінен дәріс

Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры - Ғалымжан БИТҰРСЫН: ДӘРІС БЕРУДІҢ ДЕ ӨЗІНДІК ЛӘЗЗАТЫ БАР.

Мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына келген жас өрендерге дәріс беру ЖОО-ндағы кез-келген ұстазды шабыттандырады деп ойлаймын.

Балалық ойдан арылмаған білім алушылардың үлкен өмірге бейімделуіне, оның жеке тұлға ретінде дүниетанымының қалыптасуына әрбір ұстаз өзінің пәнін жете түсіндіру арқылы ықпал етеді.

Мен “Құқықтану” білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне “ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ” пәнінен дәріс бере отырып, болашақта елімізге адал қызмет ететін, озық ойлы, санасы тұнық мықты заңгерлер шығатынына СЕНІМ білдіремін.

Мемлекет басшысы айтқандай, Жаңа Қазақстанды жалынды жастардың үлес салмағымен құру - біздің басты бағытымыз.