Тәшеневтану пәнін ендіру – уақыт талабы
- 1 view
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісіндегі саяси фракциялар жетекшілерімен кездесуде:
«Баршаңызға мәлім, бүгінгі Қазақстан – халықаралық қоғамдастыққа абырой, беделі бар мемлекет. Бұл еліміз үшін зор жетістік деп айтуға болады. Бірақ біз еліміздің әлеуетін одан әрі арттыруымыз керек. Бұл – алдымызда тұрған биік мақсат. Ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстанды озық елге айналдыруымыз керек. Бұл – біздің нақты жоспарымыз»,- деген болатын.
Осы мақсаттарға жетудегі өзектіліктер еліміздің білім саласына да жаңа серпін беріп, біршама міндеттерді күн тәртібіне қойып отыр. Соның бірі - мемлекетіміздің іргесі нығайып, егемендігіміз еңсемізді көтертуге сеп болған тарихтағы ұлы тұлғаларды, олардың өнегелі өмірі мен тағылымдық шығармаларын ұрпаққа таныту жайы. Ел басқарған басшылардың солақай саясатына қарсы шыққандар пікірі қайсарлықпен ел мүддесі үшін айтылғандықтан, олар үстемдіктің қаһарына ілігіп, жазықсыздан-жазықсыз қызметтен шеттетіліп жататын. Мұндай жағдайлар М.Шоқай, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, І.Жансүгіров, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Қожанов секілді азаматтардың басынан өтті. Солардың ішіндегі бірі де болса бірегейі - университетіміз есімін иемдену құрметіне ие болған - Жұмабек Ахметұлы Тәшенев.
Жұмабек Тәшенев туралы айтар ақиқат та, шырғалаңды күндердің шындығы да жеткілікті. Соны ішінде ф.ғ.д. профессор Қ.Ергөбектің сөзімен айтсақ: «Жұмабек Тәшенев десек нар тұлға, асқар биік, асқар шың, қыран жүрек ұғымдары өзінен-өзі көңіліңе ұялай кететін болады. Жұмабек Тәшенев қайраткерліктің өлшеміне айналады. Онымен қанаттас жүрген, қатар қызмет істеген азаматтарды «неге ғана Тәшенев бола алмады? Неге ғана Тәшеневке ең болмаса сүйеніш бола алмады екен?» деп көңілімізді өкінішке алдырып жатармыз-ау сонда. Біз біртіндеп сол ұғымға келе жатырмыз. Бізді ондай түсінік, ондай ұғымға еріксіз жетелеп алып келе жатқан – Жұмабек тәшеневтің туған халқы тағдыры қысылшаң екіталай халге ұшыраған кезінде басын бәйгеге тігіп, қасқайып қарсы тұра алғаны. Туған халқы үшін отқа түсіп, араша сөзін айта алғаны. Бұлар – Жұмекеңнің кеңестік қызметке құл болмай, халық алдында қалаулы перзент – ана сүтін адал емген арда ұл болғанын көрсетеді». Уәжді сөзге алып-қосарымыз жоқ. Жазушы Ғ.Мүсірепов: «Біз ЦК емеспіз, біреуді бір орыннан алып, бір орынға қоя алмаймыз. Жазушы деген халық адамға өз жүрегінен орын береді.Әр уақытта менің жүрегімнің төрінен орын алатын менің ер інім, Жұмабектің мынау елге келген қадамы сіздерге құтты болсын деп тілек айтпақпын», - деген екен. Бұл баға - сан мыңдаған қазақтың пікірі деуге болады.
Ж.А.Тәшенев республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығының сақталуынаа көп еңбек сіңірді. Маңқыстауды Түркменстанға, «Тың өлкесіне» біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. «Қазақ әдебиеті» газетін жабылудан, «Социалистің Қазақстан» газетін «Қазахстанская правда» газетінің аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. Бұл еңбектерінің бәрі Жұмабек Тәшеневтің ел мен жерді, оның тарихын, дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін, жетік білетін жан-жақты энциклопедиялық білімімен қатар, арыстан жүректі қайтпас күш-жігердің иесі екендігін танытады. Мұндай тұлғаларды ұлықтап, елге сіңірген еңбегін таныту – басты міндет.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды – кез келген ғылым саласын меңгеру белгілі бір мазмұндар жүйесін құрайды. Сол мазмұнның ғылыми мәнділігіне қоса тағылымдық жағы көп жағдайда ескерілмей жатқаны шындық. Осы ыңғайда тарих көшінде тұтас ұлттың жерінің бөлшекке салынбай, тұтастығын сақтап қалуына өлшеусіз еңбек сіңірген қызметін ұрпаққа таныту - Жұмабек Тәшеневтің өмірі мен ұлтымыздың саяси-экономикалық, мәдени өміріндегі қызметін, еңбектерін білім алушыларға насихаттау жолымен іске асырылады. Осы мақсат,міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекетіміздің іргесін нығайтып, негізін қалауға орасан үлесі бар тарихи тұлғалар мен тарихи оқиғаларды өскелең ұрпақ санасына жеткізу үшін жалаң тіл мен жадағай фактілерді хронологиялық ретпен санамалап беру жеткіліксіз. Ол үшін өткенге сындарлы көзқарас, кезеңдік, дәуірлік өзгерістерге үлкен себі тиген тұлғаларды таныта аларлық айшықты ой, шебер тіл, шежіре шешендік керек. Бұл міндетті тіл мен әдебиетінің мамандары іске асыра алады деген ойдамыз. Жоғарыда аттары аталған алаш ардақтыларын неге тарих мамандары оқытылатын пәндер мазмұнына ендірмей келе жатқаны осыдан аңғарылса керек. Қазірше тек тіл мен әдебиет мамандары ғана бұл олқылықтың орнын жауып келеді.
Осы негіздемені ескеріп, университет кеңесіне «Тәшеневтану» курсын Ж.А.Тәшенев атындағы университетінің таңдау пәндері қатарына ендіруді ұсынамыз.
Ф.ғ.к. аға оқытушы Б.Е.Қалыбеков
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет