ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 21 мамырдағы  № 480 бұйрығымен Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, 2014 жылғы «Үздік университет оқытушысы» Апашева Сабира Нурбаевнаға 60100 – Тарих және археология ғылыми бағыты бойынша  қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілгенімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сабира Нурбаевнаға ғылыми және білім беру қызметінде барлық кәсіби жоспарлар мен жетістіктерді үздіксіз әрі табысты жүзеге асыруды тілейміз!

Құрметпен, университет ұжымы