Жағымды жаңалық!

Ж. Ташенев атындағы университетінің «IT және экономика» факультеті «Экономика және құқық» кафедрасында «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жүрген Асқат Базарбай Шымкент қалалық бокс біріншілігінен бас жүлде, 1 –орынды иеленді.
1-курс студенті Асқат Базарбай спортқа бала күнінен қызыққан. Боксқа 9-жасынан бастап жаттығыпты. Ол Қазақстан бойынша бокстан түрлі деңгейдегі чемпионаттарға қатысып, үнемі жүлделі орындардан көрінген. Бүгінге дейін 30 шақты медаль мен мақтау грамоталарының иесі атанған Асқат университетіміздің мақтанышы. Ол бұдан кейін талай белестерді бағындырып, университет атын асқақтата береді деген сенімдеміз!