Шеберлік дәріс

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті студенттер, жас ғалымдар және профессор-оқытушылар құрамы!
Білімгерлердің ізденуге деген қабілеттерін жетілдіру мен оқуға құштарлығын ояту мақсатында «IT, экономика және құқық» факультеті аптасына бір рет «Кәсіби даму» күнін жариялап отыр.
Осыған орай, Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі табыстары, жоғары білім саласындағы жаңашыл жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы-2017» медалімен марапатталып, ҚР 2019 жылғы Ұлттық бизнес рейтингісінің «Ұжым мақтанышы» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталған Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының доценті PhD Жұматаев Нұрлыбек Срайылұлы білім алушыларға «IT маманның қоғамдағы рөлі» тақырыбында шеберлік дәрісін өткізеді.
Өтетін күні: 01.12.2023ж.
Уақыты: 10:00
Орны: 414 дәрісхана 
Ұйымдастырушы: Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасы.