Кәсіби бағдар жұмысы

Құрметті әріптестер! 
22.01.2024-09.02.2024 күндер аралығында Ж.А. Тәшенев университетінің базасында ұлттық бірыңғай тестілеу өтетінін хабарлаймыз. Осы күндері «Бастауыш білім жіне өнер» факультетінің оқытушылары бекітілген график бойынша кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізетін болады. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
Негізгі мақсатымыз оқушыларды университетімізде жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламаларымен таныстырып, білікті маман болып шығудың жолдары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабардар ету, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау, оқушылардың кәсіби маңызды қасиеттерін диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын қолдану, мамандық таңдау мәселелері бойынша оқушыларға кеңес беру. 
Талапкерлерге факультет тарапынан дайындалған буклеттер таратылып, университетімізде білікті мамандар даярлайтын білім беру бағдарлаламалары туралы мағлұматтар толық берілетін болады.