Хабарландыру
- 1 view
Құрметті, оқытушы-профессорлар құрамы!
Ж.А.Тәшенев университетінің Ақпараттық білім беру орталығында «Кітапханаға кітап сыйла» атты акция- апталығының басталғанын қуанышпен хабарлаймыз!
Аталмыш іс-шараның мақсаты: Ақпараттық технологиялар мен цифрлық кітаптардың дамуына қарамастан, баспа түріндегі кітаптың рухани құндылық ретінде бағалана беретіндігін айқындау. Кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту.
Кітап – көркем ойдың кепілі. Кiтап – жақсы дос, рухани азық болып қала бермек! АБО өздеріңізге осы іс-шараны хабарлай отырып аталмыш, ізгі іске белсенділік танытады деген үлкен сенімде!
Құрметті, парасатты қауым, шынайы ниетпен ең бағалы сыйлығымыз- кітап сыйлауға барынша қолдау көрсетейік!
Іс-шара уақыты :15-мамырдан 22-мамырға дейін жалғасады.
Ж.А.Тәшенев университеті АБО