Конкурс жариялау

Хабарландыру 12.09.2024 ж.
    
«Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет» акционерлік қоғамы факультет декандары мен кафедра меңгерушілерінің бос орындарына конкурс жариялайды.

Сіздерді білім мен ғылымның сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған академиялық қоғамдастыққа қатысуға және қосылуға шақырамыз.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
1.   Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
2.   Кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
3.   Өмірбаян;
4.   Жеке куәлік көшірмесі;
5. Жоғарғы білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері;
6. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі, (соңғы үш жыл бойынша) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
7. Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген, құжаттарды тапсыру күніне дейін 6 (алты) айдан аспайтын уақытта берілген № 075/е нысандағы медициналық анықтама – конкурсқа алғаш рет қатысатын тұлғалар үшін;
9. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша наркологиялық  ұйымнан анықтаманы құжат тапсырғанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын уақытта берілуі; 
11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымдардан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес психоневрологиялық ұйымнан анықтаманы нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын уақытта берілуі.
12. Кафедраны дамыту бағдарламасы - кафедра меңгерушісінің бос лауазымына орналасу конкурсына қатысатын тұлғалар үшін.  
13. Факультетті дамыту бағдарламасы – факультет деканының бос лауазымына орналасу конкурсына қатысатын тұлғалар үшін.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсыныстарына және т.б. қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.

Университеттің факультет декандары мен кафедра меңгерушілерінің бос лауазымдарының тізімі:

1. «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультеті: 
Факультет деканы - 1 бірл.
2. «IT, экономика және құқық» факультеті: 
Факультет деканы - 1 бірл.
3. «Филология» факультеті: 
Факультет деканы - 1 бірл.
4. «Бастауыш білім және өнер» факультеті: 
Факультет деканы - 1 бірл.
5. «Дене шынықтыру және спорт» факультеті: 
Факультет деканы - 1 бірл.
6. «Математика және информатика» кафедрасы: 
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
7. «Химия және биология» кафедрасы: 
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
8. «Тарих және география» кафедрасы: 
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
9. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасы: 
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
10. «Құқық және бизнес» кафедрасы: 
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
11. «Экономика және басқару» кафедрасы: 
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
12. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
13. «Орыс және өзбек тілдері» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
14. «Ағылшын тілі» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
15. «Дизайн» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
16. «Саз және ән» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
17. «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
18. «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
19. «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.
20. «Дене шынықтыру» кафедрасы:
Кафедра меңгерушісі - 1 бірл.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік  20 (жиырма) күн ішінде.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 2024 жылғы 1 қазан 18-00 ге дейін.

Конкурстың өтетін күні мен уақыты: құжат тапсырушыларға университет сайтында қосымша хабарланады. 

Конкурстың өтетін орны және құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы 21ғим., 402 каб.

Ескерту:
1. Конкурстық құжаттар тізімі университеттің https://tashenev.edu.kz/ сайтында орналастырылады.
2. Конкурстық құжаттарды сканерленген нұсқада info@tashenev.edu.kz электрондық поштасына жіберуге болады. Байланыс тел.: (+7701 671 10 10 конкурстық комиссияның хатшысы Айгерім Ерікқызы).