Ынтымақов Советжан Арғынбайұлы

Заң  ғылымдарының  кандидаты, қауымдастырылған профессор

«Заңтану және экономика» факультетінің деканы

Телефон: +7702-374-26-07


E-mail: sovetzhan156@mail.ru

Ынтымақов Советжан Арғынбайұлы 1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Университетін үздік дипломмен бітірген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында Басқарма прокуроры болып жұмыс істеген. 
Ғылыми-педагогикалық қызметін Қазақ Мемлекеттік Заң Университетінің «Азаматтық құқық» кафедрасында аға оқытушы лауазымында бастап, кейін аталған кафедраның меңгерушісі болып қызмет атқарды. 
Осыдан кейін еңбек жолын әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлтыттық Университетінің «Азаматтық және кәсіпкерлік құқық» кафедрасында доцент лауазымында жалғастырды. «Алматы Университетінде» «Құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 
Ынтымақов Советжан Арғынбайұлы жоғары заң оқу орындарының студенттеріне арнап жазылған орыс және қазақ тілдерінде жарық көрген сегіз оқу құралдарының және бір монографияның авторы.
 Азаматтық құқық саласының өзекті мәселелері бойынша жарық көрген 50-де астам ғылыми мақаланың авторы. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары», «Келісім шарт құқығы», «Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің азаматтық-құқықтық тәсілдері» және «Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша коммерциялық емес ұйымдар» атты тәжірибелік курстар мен семинар-тренингтердің авторы және т.б.