Адал және әділ ұрпақ- еліміздің болашағы

«Сырдария» университеті «Спорт және өнер» факультеті 6В01601 - «Дизайн» білім беру бағдарламасының студенттерімен «Адал және әділ ұрпақ – еліміздің болашағы» атты тәлімгерлік сабағы  өтті.

Мақсаты: Студенттерді талдау жасауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе білуге, адал және әділ болуға үйрету.

Сыбайлас жемқорлық-бүкіл әлемдік  індет. Алдағы уақытта бұл індеттің алдын алу үшін міндетті түрде бүкіл ел болып атсалысу керек.

Диз-11 тобының студенті Төреқұл Аяжан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты баяндама жасап,  «Сырдария» университетінің студент жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендігін атап өтті.  Сабақта топтық жоба ұйымдастырылып, сұрақ-жауап сайысымен жалғасты және студенттер өз ойларын, өлең шумақтарымен жеткізді.

Топ тәлімгері тәрбие сағаттың жақсы өткендігін және студенттердің барлығы белсенді қатысқандығын айтты және бүгінгі сабаққа өте жақсы деген баға берілді.
       
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты.

Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет.
 

Оқиға категориялары