Оқу-әдістемелік семинар

Оқу-әдістемелік басқарманың ұйымдастыруымен диплом жұмысын жазу тәртібі бойынша әдістемелік семинар болып өтті.

Бітіруші курс студенттерінің алдында тұрған сынақтардың бірі – диплом жұмысын жазу және оны қорғау. Осыған байланысты ғылыми-зерттеу жұмысын реттеу тәртібі, диплом жұмысын жазу нұсқаулығында көрсетілген талаптарға сәйкестендіріп рәсімдеу, жұмысты уақытында өткізу т.б. мәселелер бойынша оқу-әдістемелік басқарма басшысының орынбасары Оралова Зәуре Мекенбайқызы семинар барысында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Студенттер өздерінің сұрақтары бойынша әдіскерден тұшымды жауап алып, жұмыстарын әрі қарай жалғастыруға кірісті.

Оқиға категориялары