Әлемді жүрегімен әлдилеген!

Бүгін университеттің "Биология" кафедрасы мен мамандық студенттері АРУЛАР күніне арналған "Әлемді жүрегімен әлдилеген!" атты мерекелік ашық тәрбие сағатын өткізді.

Концерттік шара барысында "Жаратылыстану ғылымдары" кафедрасы профессор-оқытушы ағайлардың мерекеге арнаған жылы лебіздері видео ролик арқылы көрсетіліп, Д.Өтеген "Аяулы ана", Д.Әбділла "Мама", А.Қалыбек "Әйел бақыты", Н.Сапарбек "Ұстазым" әндерін орындады. Мың бұрала билеген арулар ұлттық және заманауи шетелдік билерді нақышына келтірсе, мамандық жігіттері әзіл-қалжыңға толы ойындармен көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Өскелең ұрпақтың нәзік жандыларға деген айрықша құрметі бұдан кейін жалғасатыны сөзсіз.

Оқиға категориялары