Өндірістік практика

Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күннен-күнге артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талап.

Бүгінгі күні біздің, білім беру ұйымдарының алдында еңбек нарығына қажетті, бәсекеге жарамды кәсіби білікті мамандарды даярлау міндеті тұр. Осыған байланысты кәсіптік білім беруде өндірістік практиканың маңызы зор.

Өндірістік практика студенттің алған теориялық білімін тереңдетуге, кеңейту мен нақтылауға және базалық органың жетекшісінің басшылығымен біріккен қызмет процесінде тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезіндегі маңыздылығын ұғынуға, қолдануды дағдылануда тәжірибе жинақтаумен машықтануына үлесін қосады.

Өндірістік тәжірибе – әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарында кәсіби жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және дипломдық жұмысты орындауға ақпарат жинау.

Заман талабына сай оқытудың жаңа жүйелері өндрісітік оқыту мен тәжірибеге аса көңіл бөлуді талап етеді. Атап айтқанда модульдік оқыту, дуальдық оқыту жүйелері бойынша студенттер 40 пайыз теорияда, 60 пайыз өндірісте өткізуге бағытталған.

Оқу орны, оқу жылының басында құқық қорғау органдарымен екі жақты келісім-шартқа (келісім-шартта екі жақтың талап-міндеттері толық көрсетіліп жазылады) отырып, келісім шарт негізінде студенттер құқық қорғау органдарында тәжірибеден өтеді.

«Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерінің өндірістік практикасы Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі соттарында, ішкі істер органдарында, кез келген буындағы прокуратура органдары, әділет басқармасы, жеке сот орындаушыларында, ұлттық қауіпсіздік комитеті органдары, нотариалдық конторалар, АХАЖ органдары, адвокатура, сондай-ақ өзге де заңдық қызмет бөлімі бар барлық ұйымдарында өтілуі керек. Практика болашақ заңгер маманның тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.

Өндірістік практика барысында көзбен көріп, қолмен жасап үйренген, машықтанған студенттің болашақ мамандығының жаңа сатысына өтіп, оқу бітіріп жұмысқа орналасу кезінде мәселелер болмасы анық.

Өндірістік практика студенттер үшін маңызды оқу үрдісінің бөлімі болып саналады. Өндірістік практика кезінде студенттер оқу орнында алған теориялық білімдерін мекемелерде іс жүзінде қолдану арқылы машықтанады.

Өндірістік практикадан өтуде білім алушыларды бөлу мамандарды даярлау бойынша бағытталған шарттар, орталықтандырылған мемлекеттік органдардың өтініштері мен мемлекеттік мекемелердің өтінімдері, жекелеген тапсырыс берушілердің келісім-шарттары негізінде студенттің болашақта жұмысқа орналасу қажеттіліктерін ескере отырып еркін таңдауы бойынша тәжірибе базаларына жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Студенттер практикадан өту кезінде жалпы міндеттермен қатар мекеменің ерекшеліктеріне байланысты әрекеттерге де ерекше көңіл бөлуге міндетті болып табылады.
 

Оқиға категориялары