МАМАНДЫҒЫМ-МАҚТАНЫШЫМ. ЖАҚСЫ МАМАНДЫҚ - ЖАҚСЫ БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

7Сыр Республикалық қоғамдық-саяси газет
№14 (602) 16.04.2021

МАМАНДЫҒЫМ-МАҚТАНЫШЫМ

Адам баласының алға қойған мақсатының ішіндегі маңыздысы, мәндісі оның мамандығы. Иә, мамандығы, дәлірек айтсақ кәсібі. Болашақ өміріндегі қызығы мен қиындығы мол кәсібі. Менің бала көңілімде, сәби жүрегімде өзінің парасатты болмысымен сақталып қалған қүрметті адам болса, ол -ұстаз еді.
¥стаз болғанымды мақтан етемін. Себебі ұстаз болу-жай мамандық емес. Ұстаздық-қызық та бейнеті көп мамандық. Осы орайда менің мақсатым тек білім қағидаларын меңгерту ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі тануға, дамытуға ұмтылатын ақылды да алғыр, қабілетті, өз көзқарасын ашық айта алатын балаларды тәрбиелеу. Өмірдегі көп мамандықтардың ішімде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандықта - ұстаздық мамандық.
Олай дейтінім, мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. Мұғалім үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, үйренсем, білсем, таныссам деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына апған маман.
¥лы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, педагогикалық практикадан өттім. Практика барысында өзіме көптеген тәжірибе жинақгадым. Мектеп ұжымына алғысым шексіз. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен мамандығымды мақтан тұтамын!
Ләззат КЕНЖЕБЕК, «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.

 



ЖАҚСЫ МАМАНДЫҚ - ЖАҚСЫ БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

Дизайн - көркем сурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бүйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі - әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.
Егер сіз әсемдікті, әдемілікті, айналаның гүлдей құлпырып тұрғанын үнататын жан болсаңыз, онда 6В02101- «Дизайн» білім беру бағдарламасын байқап көріціз. Дизайнерлік өнер елімізге кеш келгеніне қарамастан тез таралған кәсіптердің бірі. Мұның өзі бірнеше салаларға бөлінеді: Дизайн интерьер, костюм дизайны флорист (гүлмен әрлеуші), ландшафт дизайнері, декоратор-дизайнер, баспа ісінің дизайнері, зергер және т.б. Осылардың ішінде «Сырдария» университеті, «Дизайн және өнер» факультеті, «Өнер» кафедрасында 6В02101-«Дизайн» білім беру бағдарламасы, яғни костюм дизайны бойынша мамандар даярлайды.

6В02101- «Дизайн» білім беру бағдарламасы дизайн әлемінің фрагменттерін, костюм дизайны, экспозицияларды, интерьерлерді, визуалды коммуникация мен жарнаманы жобалау саласында шығармашылық-дизайнерлік жүмыстарды қапыптастыру мен іргелі білім алуға бағытталған.
«Дизайн» білім беру бағдарламасын бітірген түлектер ұйымдастыру-басқару мекемелері, бейін бойынша жеке кәсіпкерлік қызмет, графикалық дизайн (жарнама дизайны, баспа дизайны, ландшафт дизайны, дизайн өнері жэне фотография), шығармашылық-кәсіби бірлестіктерде, жобалау-конструкторлық мекемелер, оқу-технологиялық ұйымдар, жарнамалық агенттіктердегі бейіндік қызмет, шығармашылық бірлестіктердегі эксперименттік-зерттеу қызметі, коммерциялық ұйымдарда жұмыс істей аласыздар.
Университет факультет жеткен жетістіктерін таныстыру үшін жыл сайын мектеп оқушыларына кәсіби бағдар жұмыстарын жүргіземіз. А.Қалыбеков a/о қарасты №49 «Ж. Нұрлыбаев» ЖОМ КММ-не кәсіби бағдар жүмыстарын жүргізу барысында университеттің факультеттері жеткен жетістіктерін таныстыру үшін мектеп оқушыларына кәсіби бағдар жүмыстарын жүргізудеміз. Құрметті талапкер! Мен сіздерді «Дизайн» білім беру бағдарламасына оқуға шақырамын.

Алтынай АБДИКАРИМОВА, «Өнер» кафедрасы «Дизайн» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, ғылым магистрі, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары