МІНЕЗ
- 1 view
"Әр адамның мінезі - астындағы тұлпары" - деп, өмір жолымыздағы бәйгеден оқ бойы озық шығуымыздың құпиясын меңзеген Бауыржан Момышұлы атамыздың осы бір сырлы сөзі, көкейдегі көрікті ойлардың көзін ашардай.
Расында біздің болашақ өміріміздің жарқын болуына жасаған әрбір қадамымыздың сәтсіздікпен аяқталып, қиыншылықтармен көмкеріліп жататындығы да, осы бір мінезіміздің кесірі болса керек. Құлагердей құлпырған жүйріктің бәйгеде қарсыласқа дес бермей, өзгеден оза шауып, өмірге келгендегі жаратылыс миссиясын орындап, өзінің тұлпар ретіндегі жүйріктігін жалпақ жұтқа дәлелдегеніндей, адам баласы да өмірге келгендегі адамдық болмысын, өмір бәйгесінде қарсыласқа дес бермей, адамдықтың биік шыңынан көрініп, дәлелдеуі керек болар. Бауыржан атамыз айтқандай бұл бәйгедегі бір ғана тұлпарымыз ол - мінез екен.
Шабан аттай бәйгенің соңынан сүйретіліп жүріп, қамшының сабындай болған ғұмырымызды босқа өткізіп алуымызды мінезімізден көрмесек, оның жауабын содан іздемесек, өзгеден таба алмаспыз. Ол үшін біздің ойымыз дұрыс болуы керек екендігін батыр мына бір сөзінде нақтылай кетеді.
"Мінезсіздік – ойлаудың айқын еместігі" - ия, ойлау, ол кеше кім екендігіңді, бүгін кім болып жүргендігіңді, ертең кім болатындығыңды айқындап беруші күш. Егер осы ойымыз айқын болмаған жағдайда мізезсіздікке ұрынуымыз бек мүмкін. Ал, мінезссіздік ел алдындағы борышты ұмыту, елдік мүдені шетке сыру дегенді білдіреді. Оған «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген Әлихан Бөкейханов атамыздың да сөзі дәлел болса керек.
Автор: Нұржан Сапарханұлы
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу