Рухани банк шоты
- 1 view
Банк шотының не екені бәрімізге белгілі. Қандай да бір қор жинап, қажет болған жағдайда, қаражат алып отыру үшін, біз банктен шот ашамыз. Немесе түрлі формада дүние жинаймыз. Біреу төрт түлік, ал басқа біреулер алтын, күміс, не ақшалай т.б. Оны өмірімізде қуанышты күндерімізге немесе материалдық кризистерге ұшырағанда алып, мәселемізді шеше аламыз. Ол түсінікті.
Ал енді осы материалдық кризиспен қатар адам өмірімен қатар жүретін рухани кризисте бірге жүретіні бар. Оған тап болғанда, ол мәселені шешетін қорды қайдан аламыз? Отбасындағы жанжал, ажырасу, сенімсіздік пен күдік, бала тәрбиесі мен білімі, достар мен әріптестер арасындағы т.б. шиеленісті мәселелер, бұлардың бәрі рухани кризистен туындар мәселелер болса керек. Мәселен артық ақшасы жоқ адам материалдық шығынға ұшыраса, өзгелердің көмегіне, қарыз немесе кредит алуға мәжбүр, өйткені банкте есеп шоты жоқ, жинаған дүниесі жоқ.
Сол секілді рухани кризиске ұшырағанда адам тәлкекке түсіп, мәселені қалай шешерін білмей басы қата бастайды. Рухани кризистен туындайтын мәселелерді банктен кредит алып, не біреуден қарыз алғандай ала салып, шешіп тастай салатын дүние емес екендігі белгілі. Осыдан көбіміз психологқа барып, тренинг жағалаймыз. Оған еш қарсылығым жоқ дұрыс, өйткені қазақта өзіңде жоқ па сатып ал деген ұғым бар. Ол жерде бақытты ғұмыр кешудің, дұрыс қарым-қатынас жасаудың, баланы қалай тәрбиелеу керек екендігін кереметтей баяндап, былайша айтқанда бақытты өмір сүрудің формуласын ұсынады.
Дегенмен өмір, ондағы материалдық әлем математикадан тұрғанымен адамның өзі, МЕНІ, РУХЫ, РУХАНИ ӘЛЕМІ математика емес. Математикада формулаға салып қаншама есептерді шығаруға болады. Формуласын білсең болды дейді. Ал адам тек жан мен тәнне тұрмайды . Олай дейтін болсақ біз заттана бастауымыз мүмкін. Бұл тұрғысынан Абай атамыз:
«Ақыл мен жан мен өзім тән менікі,
Мені мен менікінің мағынасы екі» - деп бөлсе, оны Шәкәрім атамыз «Малдада бар жан мен тән, Ақыл сезім болмаса» - дейді. Бұл жердегі ақыл, сезім біздің көзге көрінбес құндылықтарымыз, яғни рухымыз дегенге келеді. Демек біздің МЕНІМІЗ - ақыл, сезім, рухымыз болатын болса, онда біз рухани жаратылыс иесіміз деген сөз. Оның астарында жер бетінде 7 миллиард адам болса да бір біріне ұқсамас жаратылыс болмысы болады деген сөз. Демек біреуге жүрген бақыт формуласы екінші біреуге жүрмеуі мүмкін. Оның проблемасы, жәй-күйі, өміріндегі болып жатқан жағдаяттары сан түрлі. Дегенмен себеп көп болғанымен негіз біреу, шындық көп болғанымен ақиқат жалғыз. Осы жерде себептен негізді, шындықтан ақиқатты айырып алуымыз керек шығар.
Ол үшін бізге жоғарыда келтіріп кеткен рухани банк шотын ашуымыз керек болады.
Қазіргі таңда мал дүниемізбен, киім, көлік, үйімізбен, той томалақ пен ішкен жегенімізді, қыдырған елдерімізді бар етіп көрсетеміз, ия бар болған соң көрсету де керек шығар, дұрыс та болар. Дегенмен ол ішіп жеп тойып, қыдырып, қымбат көлікте жүрген нағыз БІЗ яғни МЕНІМІЗ емес. Егер тәніміздің рақатқа батып, шар тарапты шарлап, ішіп-жегенімізге мәз болсақ Абай атамызша айтқанда ғапыл адам болып қалмаймыз ба?
Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі оныкі.
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,
Сонда, ойла, болады не сенікі?-деп түйіндейді.
Ия рас, менікі деп жүргеніміздің бәрі қалады, ары қарай кім серік болмақ дегенге, Абай атамыз: Әділеттік, арлылық, махаббат пен,
Үй жолдасың қабірден әрі өткенде.- деп жол сілтейді.
Демек рухани банк шоты ӘДІЛДІК, АРЛЫЛЫҚ, МАХАББАТҚА толуы керек екен. Осы аталған үш құндылықты бойына жиған адам рухани кризиске ұшырағанда еңсесі езілмей, рухы сынбай жаншып өтсе керек.
Ол үшін "Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін, Харекет қыл, пайдасы көпке тисін" - деген ұстанымынан айнымауымыз керек. Көпке пайда әкелу, ел, халық, жұрт үшін харекет ету РУХАНИ БАНК ШОТЫМЫЗДЫ күн сайын еселеп толтырары хақ.
Автор: Нұржан Сапарханұлы
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу