100 жаңа электронды басылым
- 1 view
Оқу жылының басынан бастап «Сырдария» университетінің электронды кітапханасының қоры 100 жаңа электронды басылыммен толықты.
Осы уақыт ішінде университет қызметкерлері оқытушылармен бірге 5 жаңа электронды интерактивті оқулық жасап шығарды, және студенттер оқу процесінде сұранысқа ие 95 кітап сканерленді.
Барлық жаңа кітаптар онлайн режимінде ko-sirdariya.kz электронды кітапханасының сайтында қол жетімді.
Қазіргі уақытта университеттің электронды кітапханасының жалпы қоры 9177 қорды құрайды, оның 4687-сі қазақ тілінде, 3898-і орыс тілінде, 592-сі ағылшын тілінде.
Электрондық кітапхананың сайтында сіздер электронды ресурстар туралы толық ақпаратты таба аласыз. Барлық ресурстар білім беру бағдарламалары бойынша жіктеледі, олар университет серверінде сақталады және желіде қол жетімді.
«Сырдария» университеті университеттер қауымдастығымен келісім-шарт негізінде 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Біздің университеттің барлық білім беру ресурстары университеттер қауымдастығының барлық мүшелеріне қол жетімді және белсенді қолданылады.
Сонымен бірге біздің студенттер мен оқытушылар rmebrk.kz сайты арқылы басқа университеттердің электронды кітаптарын еркін қолдана алады.
Жақын арада біз кітапханамыздың электронды қорын қол жетімді ете отырып толықтыруды жоспарлап отырмыз.