Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!

«Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі», - деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев.

Шәкіртінің бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін абзал жан – Ұстаз емес пе?.

Шындығында, ұстаз болу неткен бақыт десеңізші!… Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген  адам. Ал жақсы тәрбиені беретін – Ұстаз. Біз де ұстаздарымызды құрметтеп, оларға бас иеміз.

Өз ісінің шебері, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де,  жолы да бөлек. Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!

 Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен сіздерді құттықтаймыз! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін!

 

https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/posts/409070930488888

https://www.instagram.com/p/CF1u_ciBYWT/?utm_source=ig_web_copy_link

Оқиға категориялары