Білім күні құтты болсын

Құрметті ұстаздар, профессор-оқытушылар!
Қымбатты студенттер және барша қазақстандықтар!

Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын! Білім беру мекемелерінің педагогтары 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған жас талапкерлерді қарсы алады. Бұл күн тек айтулы мереке ғана емес, біздің еліміздің болашағы тәуелді болған, жауапты кезең бастамасы.

Дәл осы күннен бастап әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге жайма шуақ көңіл-күй, жетістіктер мен ашылуларға ізденіс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!

Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

Жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы, бай кітапханасы студенттердің талап деңгейінде білім алып, білікті маман атануына толық ықпал жасайды. Студент-жастардың "Сырдария" университетін таңдауы-дұрыс таңдау әрі жоғары оқу орнына көрсетілген үлкен сенім.

Білім мен ғылым жастардың білім жолындағы қиын да қызықты студенттік өмірі бай әрі мәнді, маңызды да тағылымды болсын.

Білім күні құтты болсын!

Мамраимов Серік Дәулетұлы

Ректор


Университет декандарымен онлайн-кездесу