Қорытынды конференция
- 1 view
Мұғалім мамандығы жер жүзіндегі ең игілікті мамандық екені белгілі. Себебі ол өзінің білімімен, ақыл парасатымен, яғни бүкіл болмысымен қоғамның болашақ азаматының тұлғасын сомдап дамытуда әлеуметтік маңызды қызмет атқарады. Адам өзі өмір сүргеннен бері әрдайым оқып білуге,өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға, өмір тәжірибесін саналы тұрғыда меңгеруге талпынады.
Осындай керемет мамандықты игеруде жас педагогтар үшін педагогикалық практика маңызды роль атқарады. Студенттер тұтастай мектеп өмірін, сынып пен мектеп арасындағы байланысты өзі атқаратын тәрбие жұмысының басқа мұғалімдердің және бүкіл педагогикалық ұжымның жұмысымен тікелей байланысты екендігін жете ұғынады. Студенттің кәсіби әрекеті мазмұнaды материалдардың негізінде, практика барысында жетіледі. Бұл кезеңде студенттердің іскерлігі мен дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдейді. Бұл орайда педагогикалық практиканың алатын орны ерекше, өйткені қазіргі студент болашақ ұстаз өзінің бейімділігін, шеберлігін, ыңғайлылығын, алған теориялық білімдерін мектеп өмірімен байланыстыра отырып жүзеге асырады.
Факультетіміздің: 6В01401 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау, 6В01402-Музыкалық білім, 6В1403- «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламасының студенттері Шымкент қаласы, Жетысай қаласы, Жетысай, Мақтаарал аудан мектептеріне педагогикалық практикадан өтті.
Қорытынды конференцияда факултет деканы Лесбек Әліпұлы сөзге шықты практика жетекшілері есеп берді. Студенттердің баяндамасы сараланып, жұмыстарын әдіскерлер бағалады. Практика құжаттары бойынша пікірлер айтылды. Есепте белсенді оқыту мен оқуды ұйымдастырудың артықшылықтары мен қиындықтары, мектептердегі әлеуметтік-педагогикалық үдерістің ұйымдастырылуы, оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес сараланған тапсырмаларды қолданудың нәтижесі, одан арғы даму бағыттары көрсетілді. Студенттер теориялық білімді практикамен ұтымды ұштастыра алған, білім, білік, дағдыларын жоғары деңгейде көрсете алды.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет