Студенттеріміз озық шықты

Шымкент қаласындағы академик А.Қутабеков атындағы Халықтар Достығы университетінде «Жаңа Қазақстанның білікті тіректері» атты аймақтық экономикалық олимпиада болып өтті. 
Олимпиадаға Шымкент қаласындағы 6 жоғарғы оқу орындарының білім алушылары қатысты. Осынау экономика бағытындағы сайыста Tashenev University «Экономика және құқық» кафедрасының білім алушылары А. Кастаева, М.Намазбаев, Ә. Битас, А. Ескендір және Б. Баймаханов бақ сынап, ІІ-орынды еншіледі. Универсиет басшылығы жүлде иегері атанған студенттер мен олардың жетекшілері аға оқытушы С. Әшірбаеваны жеңістерімен құттықтап, биік белестерден көруінуіне сәттілік тіледі.
 

Оқиға категориялары