Ұлық мереке аталып өтті

Универсиеттімізде Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Салтанатты шарада оқу ордасының мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатып жүрген, республикалық және өңірлік шараларда топ жарып жүлделі оралған бірқатар оқытушылар мен студент жастарға Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табыс етілді. 
«Филология» кафедрасының ұйымдасытруымен өткен шарада сөз алған Tashenev University ғалым хатшысы Ләззат Абенова білім алушы жастарды осынау ұлық мерекемен құттықтап, Тәуелсіздіктің мән-мағынасына тоқталды: 
--Тәуелсіздікті барша қазақ халқының арман-мұратының салтанат құрған күні десек те болады. Бұл күн бізге оңай келген жоқ. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы қанымен, жанкештілігімен жеткен үлкен жетістігіміз. Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсанда алаңға шыққан жастардың ерік-жігері. Тәуелсіздік - бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады. Осындай жолмен келген ТӘУЕЛСІЗДІК мерекесі құтты, тұғырлы болсын!
 

Теги:

Оқиға категориялары