Ғылыми семинар

2023 жылдың 29 қараша күні IT, экономика және құқық факультетінің «Экономика және құқық» және  «Ақпараттық коммуникациялар технологиялар» кафедасымен бірлесіп «Студенттерді Ғылыми жұмыстарға айналысуға, мақала жазуға, шығаруға үйрету, ғылыми жобаларға қатысу жайлы  кеңес беру» атты тықырыбында ғылыми семинарды өткіздік. Баяндамаларды кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы Абдурахманова З.А. – э.ғ.м., аға оқытушы, Жасан Г.Ж, Татимова М.Н.  жасан дайындап презентация  арқылы ақпаратты жеткізді.
  Ғылыми семинардың өткізу мақсатты - студенттерді ғылыми-зертеу жұмыстарына тарту, ғылыми-ізденушілік қабілеттерін дамыта отырып, кәсіби білімдерін жетілдіру, рухани-адамгершілік және зияткерлік қабілеттерін дамыту, ғылыми-ізденушілік мәдениеттерін қалыптастыру, ғылыми ізденістерімен оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып дамыту және талантты, әрі дарынды студенттерге қолдау көрсету, халықаралық конференцияларға, конкурстарға, жобаларға қатысу, студенттердің интелектуалды мүмкіншіліктерін дамытуға ықпал ету.
 

Оқиға категориялары