«Абайдың арнау өлеңдері, аудармалары» ашық сабақ

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. Л.У.Абенова «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» пәнінен «Абайдың арнау өлеңдері, аудармалары» тақырыбында Фи-22-1к оқу тобына ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Студенттерге поэзия саласында арнау өлеңдерінің атқарар қызметінің ерекше, бөлек және биік екендігін жеткізу. Сонымен бірге ақынның әр өлеңінің шығу тарихына, нақты кімге, қашан жазылғаны, дәл сол кезде автордың өмірінде қандай оқиғалар болып жатты деген мәселелерге көңіл бөліну. Бұл жерде сөз бен ойдың бірлігін әдемі бейнелеуі, көркем әдебиеттің болмыс бітімі, сыры мен сипатын маңызын пайымдау. Абайды - қазақ әдебиетіне аударма саласын енгізген ақын ретінде таныту. 

Оқиға категориялары