Парламент депутаттары студент жастармен кездесті
- 1 view
ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің депутаттары Ж.Тәшенев университетінің ұжымымен және студенттермен кездесіп, АЭС салу мәселесін талқыға салды.
Жиынға Сенат депутаттары - Нұртөре Жүсіп, Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қапбарова және Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық маслихат депутаты Альбина Елшиева мен Ж.Тәшенев университеті АҚ Басқарма басшысы- Оңалбай Аяшұлы мен университет ректоры Байболов Қанат Сейтжанұлы қатысты.
Депутаттар елімізде АЭС салудың қажеттілігі туралы кеңірек түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп:
– Әлемнің көптеген елдерінде атом реакторлары жұмыс істеп тұр. Жалпы болашақта энергетикалық тәуелділіктен арылу үшін біздің елімізге де АЭС қажет. Бүгінде атом энергетикасы саласында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 1800-ге жуық азамат осы салада білім алуда. Мамандар даярлау қолға алынған. Сол себептен біз де көштен қалмауымыз керек. Барша ел азаматтарын жалпыұлттық референдумге белсенді қатысуға шақырамын, – деп жиынды қорытындылады.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет