20 жылдық мерейтой шымылдығы "Сыр сандықпен" ашылды
- 1 view
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сыласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қар жырласын!
"Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойына байланысты біраз уақыттан бері іс-шаралар легі іске асып келді. Соның айқын бір көрінісі мерейтой салтанатының "Сыр сандық" студент-жастар театры сахналаған "Ақберен" драмасының премьерасымен ашылуы боды. Шерхан Мұртазаның "Бір кем дүние" әпсанасының желісі бойынша қойылған драманы студент-жастар жоғары деңгейде сахналағаны көрерменменің ықыласынан, келген қонақтардың жылы лебіздерінен де аңғарылып тұрды.
Шер ағаның туындысын драмалаған автор – Айжан қыз, қоюшы режиссер – Айтибаев Қажыбай, театрды ұйымдастырушы – Абенова Ләззат, көмекшісі – Ермекбай Ермахан. Қойылымдағы рольдерді орындағандар: Құртқа – Мұса Назерке, Ақберен – Анарбек Ұлжалғас, Аңшылар – Даниярұлы Абылай, Икрам Марат, Ана – Айдар Баян, Қасқырлар – Ермекбай Ермахан, Есенбек Еркеғали, Әлібек Нұрдәлет, Ахметов Ибрагим, Шәріпбай Әйгерім, Жұмабек Ұлжан.
Драманың оқиға желісі бойынша анасы тастап кеткен сәби қасқырлар арасында өмір сүріп, тіршілік етеді. Адамзат баласын бауырына басқан түз тағысының тағдыры, көз ашқалы көкжалдардың ортасында өмір сүріп, өзін солардың ажырамас бауыры санаған Ақбереннің болмысы драмада жас әртістердің сомдауымен жаңа қырынан ашыла түседі.
Елбасының жақында "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" атты мақаласының заңды жалғасы ретінде жариялаған "Ұлы даланың 7 қыры" атты мақаласында түркі әлемінің генезисіне тоқталып, "бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне байланысты, "Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін" атты жобаны қолға алу қажеттігін" міндеттеген болатын. Студент-жастар театрының мерейтойлық бастамасы ел президентінің бағдарламасын жүзеге асырудың алғышарты іспеттес.
Премьера соңында п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Түркістан облысы мәслихатының депутаты Оңалбай Аяшев: "Мерейтой баршаңызға құтты болсын! Қойылым "драма" болған соң, өте күрделі. Драма авторы – үлкен ғұлама ғалым, жақында, өкінішке орай өмірден өткен, ғасырда бір келетін үлкен атамыз еді. Мұндай шығармалар екінің бірінің қолынан шыға бермейді. Тағдыр бұндай үлкен бақытты кездейсоқ адамға бермейді. Талантты адамдарға береді.
... Театр дегеннің өзі өте күрделі нәрсе. Бұл мәдениеттің ең биік шыңы. Театрды көрмей, театрды тамашаламай, оның не екенін өмірден көрмей, не екенін білмей кеткен адамдар бар", - дей келе студенттерге алдағы уақытта барлық жағдайлар жасалатынын атап өтті.
Сонымен бірге мерейтойдың қадірлі қонағы, ЖОО қауымдастығының президенті, э.ғ.д., профессор Алшанов Рахман Алшанұлы университет ұжымын құттықтай отырып, оқу орнының қазіргі таңда ешбір білім ошақтарынан кем түспейтінін және ондағы жастардың таланттарын айрықша атап өтті: "...Жастарға жағдай жасасаң, бізде дарынды балалар көп. Дарынды балалар – жастар. Мына спектакльді көріп отырып, Алматыдан арнайы шақырылған әртістер екен деп ойлап қалдым. Болашақта үлкен актер шығатынына ешқандай күмән жоқ. Режиссердің қолына түссе болды".
"Сыр сандық" студент-жастар театрының қалыптасуына ф.ғ.к., доцент Абенова Лаззат Усманқызының ықпалы орасан. Себебі, оқу орнындағы талантты жастарды театр арқылы тәрбиелеп, дүниеге деген көзқарасын дамыту, рухани мәдениеті жоғары ұлт жанашырларын дайындау жұмыстары қашан да маңызын жоғалтпақ емес.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет