Ұлыстың ұлы күні ұлықталды!

Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің жаршысына айналған   Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы "Сырдария" университетінде айрықша сән-салтанатпен тойланды.

Қазақтың алты қанат ақ боз киіз үйі тігілген думанды алаңдағы мерекелік іс-шараны ашып беру мақсатында "Сырдария" университетінің ректоры, п.ғ.к., доцент Дайырбеков Серік Сансызбайұлы, тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Нұрбек Анарбайұлы құрмет қошеметпен сахна төріне шақырылып, жиналған жұртшылықты Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтап, көпшілікке ақ тілектерін арнады.

"Ұлыстың ұлы күніне" орай ұйымдастырылған мерекелік шара әдемі ән мен көңілді билер мен және көтеріңкі ойындар мен жалғасын тапты.

Жақсылық пен ізгіліктің бастауы болған Наурыз мейрамы барша қазақстандықтардың өміріне жаңа тыныс әкеліп, шуақты нұрына бөлегей.

Теги: