Халықаралық студенттер күні

Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып, көңіл төрінде қатталып қалған студенттік кезең ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырғаны белгілі. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол Халықаралық студенттер күні. Атаулы датамен "Сырдария" университетінің студенттерін құттықтаймыз.
Бұл датаның қалай және қашан студенттер күні деп аталғанына қысқаша тоқталып өтсек.
Деректерге сүйенсек, Халықаралық студенттер күні 1946 жылы Чехияның астанасы Прага қаласында аталып өтілді. 1939 жылғы 17 қарашада фашистік неміс басқыншылары атып өлтірген чех патриот студенттерін еске алуға арналған дүниежүзілік студенттер конгресінде 17 қарашаны патриот чех студенттерінің құрметіне «Халықаралық студенттер күні» деп атау бекітілді. Студенттер күні алғаш рет 1941 жылы 17 қарашада Лондон қаласында өткен.
 

Теги: