Инклюзивті білім берудің педагогикалық аспектілері
- 1 view
2025 жылдың 17 сәуір күні 6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы бойынша ПиК-23-5к1, ПиК-23-5к2, ПиК-23-5к3 топтарында аға оқытушы Алимова Құндыз Шайыпқызының жетекшілігімен "Инклюзивті білім берудің педагогикалық аспектілері" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау, білім берудегі тең мүмкіндіктерді насихаттау және студенттердің инклюзивті орта жайлы түсінігін кеңейту болды. Тәрбие сағаты барысында студенттер мен оқытушылар инклюзия ұғымының қазіргі қоғамдағы маңыздылығын талқылап, білім беру жүйесіндегі адамгершілік, төзімділік және әрбір балаға қолдау көрсету сынды құндылықтар төңірегінде ой бөлісті.
Мұндай іс-шаралар болашақ педагогтардың кәсіби әрі рухани дамуына оң әсерін тигізіп, білім беру саласындағы инклюзивті ұстанымдарды нығайтуға ықпал етеді.