Өзара ынтымақтастық туралы меморандум

Л.ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ мен ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ атындағы УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСУДА 

2024 жылдың 15-16 тамызы аралығында Еуразия кіндігінде орналасқан Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында Жастар тәрбиесі мәселесін оңтайландыру бағытында ЖОО проректорлары арасында кездесулер ұйымдастырылып, өзара Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. 
Кездесу барысында Ж.Тәшенев университетінің проректоры Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын университеттің жастар саясаты ұстанымын, Студенттік Одақ жұмысы, сондай-ақ тәулік бойына қызмет көрсететін Коворкинг орталығының жұмысымен таныстырды. 
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Ләззат Төлегенқызы Нұрқатова университеттің Еуразия кеңістігіндегі ЖОО арасындағы ынтымақтастық аясын саралай келе, алдағы уақытта 5 жыл мерзімге Ж.Тәшенев университетімен жасасып отырған меморандум талаптарының маңыздылығына тоқталды.
Екі жоғары оқу орындарының өкілдері Ынтымақтастық меморандумы жасалғаннан кейін ЕҰУ базасындағы Қоғамдық қабылдау орталығы жұмысы, Коворкинг орталығы және Күлтегін мұражайындағы жәдігерлер таныстырылды.