"Білім беру ортасындағы сыбайлас жемқорлық: кім кінәлі және не істеу керек"

«Сырдария» университеті «Ақпараттық технологиялар және жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Физика, математика және цифрлық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, ғ.магистрі Салихова Гүлжахан «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 1-курс Ет-11 тобының студенттерімен бірге «Білім беру ортасындағы сыбайлас жемқорлық: кім кінәлі және не істеу керек» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: студенттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жастарға насихаттау.
Ашық тәрбие сағатына кафедра оқытушылары ғ.магистрлері Е.Лесбаев, Қ.Абсаматова, Ж.Мамадәлі және университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының маманы Н.Қонарбаева қатысты.
Тәрбие сағаты барысында білім беру ортасындағы сыбайлас жемқорлық себептері мен алдын-алу шаралары пікірталас түрінде қызу талқыланды.