Қайырымдылық - қадірлі іс

Бүгін Syrdariya University құрылтайшыларының ұйымдастыруымен "Қайырымдылық - қадірлі іс" акциясы өтті.

Қасиетті рамазан айы аясында өткізілген қайырымдылық шарасы жыл сайын тұрақты өткізіліп отыруы дəстүрге айналған.

Аталмыш іс-шара жайлы Жетісай ауданының құрметті ақсақалы Бекахмет Оразқожа жан-жақты тоқталды. Ол: «Баршаңызға мәлім, Рамазан - бұл берекелі ай, қайырымдылық пен қамқорлық айы. Сондықтан осындай сауаптар еселенетін керемет маусымда көңілі жабырқаған мұқтаж жандарға жәрдем беру мақсатында ұйымдастырылып отырған игілікті іс. Осы іс-шараға ұйытқы болып отырған университет басшылығына шынайы алғысымды білдіремін»,- деді.

Сауабы мол игі шарада университет қызметкерлеріне бір айлық азық-түлігін үлестірілді.

Көмек алушы жандар өз кезегінде Syrdariya University құрылтайшыларына риза болып, алғыстарын білдірді.