Ғылымға елеулі үлес қосқандар марапатталды
- 1 view
Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған «Жастар және ғылым -- 2023» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияның екінші күні де ауқымды іс-шаралармен жалғасын тапты.
Салтанатты жиын барысында сөз алған оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Фарида Тұрғынбайқызы университет ұжымын ғылым қызметкерлері күнімен құттықтап, барша қатысушыларға алғыс білдірді. Ерекше жобаларымен көзге түскен жас ғалымдар мен олардың жетекшілеріне, университтетің ғылыми бағытына үлес қосып жүрген оқытушы-профессорларға Алғыс хат тапсырды.
Ал, іс-шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған университеттің ғылыми істер жөніндегі проректоры Шолпан Арзымбетова ғылыми-практикалық конференцияның маңыздылығына тоқталды. «Университетімізде алғаш рет студенттік конференция ұйымдастырылып жатыр. Оған Астана, Семей, Қызылорда, Қостанай және Алматы қалаларынан 130 студент қатысып, өз ғылыми жобаларын ұсынды. Олардың 48-і жеңіске жетіп, марапатқа ие болды. Конференцияның алғашқы күні студенттермен жұмыс жасасақ, екінші күні университеттің ғылыми бағыты жолында елеулі еңбек етіп жүрген оқытушы-профессорларымызды марапаттап жатырмыз. Мұндай конференция енді дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін болады. Біз мұнда оқытушыларымыздың ғылымға деген белсенділігін арттыру үшін түрлі критерилер бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Бүгінде оқытушыларымыздың 98 пайызы ғылыми жұмыспен айналысады»,--деп атап өтті Шолпан Жақсылыққызы.
Ғылым қызметкерлерінің күні мерекесіне орай өткізілген осынау шара аясында «Шығармашылық идеялар фестивалі», Ұлттық топтамаларға, кешкі жиындарға арналған дефиле көрмесі ұйымдастырылады.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет