Халықаралық аралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел

«Заңтану және  экономика» факультеті мектеп бітірушілеріне Халықаралық аралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Жетісай аудандық сотының бас маманы Гаппаров Сейіт Жаппарұлы, Жетісай аудандық сотының ішкі қауіпсіздік жəне сыбайлас жемқорлықты алдын алу бөлімінің бас маманы Жусупбеков Бакытжан Толегенович, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" іс-қимылының маманы Н.Б.Қонарбаева, "Құқық жəне экономика кафедра меңгерушісі: м.а., ғ.м., Бакиров Ержан Амангелдіұлы жəне кафедраның профессор-оқытушылары мен студент жастары қатысты.

Халықаралық дөңгелек үстелді модератор ретінде «Заңтану және  экономика» факультетінің деканы з.ғ.к., Ынтымақов Советжан Арғынбайұлы жүргізді.

Модератор өзінің алғы сөзінде сыбайлас жемқорлық ұғымын, туындайтын жағдайларын жəне жемқорлыққа қарсы саясаттың барлық бағыттарын қысқаша қамтып өтті. 

Іс-шара барысында Жетісай аудандық сотынан қатысқан спикер С.Ж.Гаппаров өз сөзінде мемлекет пен қоғамның сенімді серіктестігінің, азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді тартудың арқасында Қазақстан қысқа мерзімде COVID-19 пандамеясымен байланысты дағдарыстық құбылыстарды еңсере алғандығын атап айтып, өз ойын ортаға салды. 
Б.Т. Жусупбеков Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын одан əрі іске асыру шаралары құқықтық, практикалық жəне ментальдық деңгейде күшейтілгендігін сөз етті. 
Ал спикер ғ.м., Е.А.Бакиров сыбайлас жемқорлықтың кемшілігі, мемлекеттің экономикалық саласына зиян тигізіп, халықтың əл-ауқатын төмендететінін баяндап берді.

Қатысушы мектеп бітірушілері мен студенттер өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, сұрақтар қызу талқыланып, сұрақтарына толық нұсқада жауап алғандығын айтты жəне өздерінің ой- пікірлерімен бөлісті. Шара соңында жастар болашақ біздің, яғни жастардың қолында, өз елімізге жауапкершілікпен қарап, əділ қызмет етуге дайынбыз деп, парасатты байлам жасады.
 

Оқиға категориялары