XVII Республикалық пәндік олимпиада
- 1 view
6В01450 – «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті
Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен іс-шаралар жоспары аясында «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының Кәсіптік білім кафедрасының ұйымдастыруымен 6В01450 – «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің арасында XVII Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – студенттердің ғылыми-білім беру қызметіне деген қызығушылығын арттыру, теориялық және практикалық білімін анықтау, олардың шығармашылық қабілеттері мен кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, дарынды жастарды халықаралық деңгейдегі жарыстарға іріктеу және дайындау, сондай-ақ еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенділік таныту.
Республикалық деңгейде ұйымдастырылған бұл олимпиадаға еліміздің әр аймағынан жеті команда қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрды:
1. Бірінші кезең – теориялық білімді бағалау мақсатында тестілеу жүргізілді (30 сұраққа 30 минут уақыт берілді).
2. Екінші кезең – практикалық тапсырмаларды орындау (уақыт – 3 сағат).
3. Үшінші кезең – ғылыми жоба жұмыстарын қорғау (уақыт – 3 сағат).
Осы білім бәйгесіне біздің университетіміздің студенттерінен құралған «Томирис» командасы қатысып, жетекшілері – Ұлжамал Жандәрәлиева Қонақбаева және Бабур Фархадұлы Рахимов болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша ПИК 24-1к2 тобының студенті Қадырқұлова Чарос «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша үздік деп танылып, бағалы сыйлықтармен және университет ректорының дипломымен марапатталды.