Республикалық сайыста сәттілік

Сүйінші хабар!!!
Қазақстан жоғары оқу орындары арасында өткізілген Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында Sirdariya University «Дизайн және өнер» факультеті, «Өнер» кафедрасының 5В042100 – Дизайн білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Ерсары Алшагүл СҒЗЖ-2021 конкурстық комиссия шешімімен III дәрежелі жүлделі орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі, өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы Сындарова Ж.А. Студентіміз Ерсары Алшагүл мен ғылыми жетекші Ж.А. Сындарованы Sirdariya University студенттерінің ғылыми-зерттеу қорына қосқан қомақты жетістігі үшін шығармашылық табыс тілей отырып, «Өнер» кафедрасы ұжымы атынан алғыс білдіреміз!