Студенттер үлгерімі қанағаттандырарлық жағдайда

7СЫР Республикалық қоғамдық-саяси газет
№06 (594) 12.02.2021 жыл

Жедел сұкбат

«Сырдария» университетінің ректоры Серік Дәулетұлы Мамраимов жалпы ата-аналардың өтініштері бойынша студенттердің қазіргі таңдағы сабақ үлгерімі жайлы жедел сұқбат берді.

-2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрі қалай ұйымдастырылуда?
-«Сырдария» университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы №15 бұйрығына сәйкес, көктемгі семестрде оқу үрдісін 25 қаңтардан аралас форматта ұйымдастыруда. Бірінші курс студенттері үшін көктемгі семестрінде оқудың барлық бағыттары бойынша аралас оқыту форматында оку процесі ұйымдастырылуда (дәрістер онлайн форматта, ал семинар, зертханалық және практикалық сабақтар дәстүрлі форматта өтуде).
Екінші және үшінші курс студенттеріне сабақтары негізінен қашықтыктан тек 6В01401-«Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау», 6В02101- «Дизайн», 6В05101-«Биология» БББ бойынша аралас формата өтуде, демек (лекция және семинарлар қашықтықтан, зертханалық және практикалық сабақтар - дәстүрлі). Төртінші курст студенттеріне (дипломалды және кәсіптік практиканы ұйымдастыру) қашықтықтан және аралас оқыту форматтарында жүзеге асырылуда.
Магистранттардың теориялық оқуы аралас оқыту форматтарында өтуде.
Ал шетелдік студенттер қашықтықтан оқыту форматында оқыуын жалғастыруда.

-Университ студенттеріне қашықтықтан оқуына қандаи іс-шаралар жасалды?
- Университетте білім алушылардың қашықтықтан сапалы білім алуына толық жағдай жасалған. Қашықтықтан оқыту Platonus, Moodle, Zoom және WebEx платформа пары негізге жүзеге асырылуда.
Университетте заманауи кітапхана қалыптастыру үшін «Кабис» лицензияланған бағдарламасы енгізілген.
Электрондық кітапхана есурстары бойынша университет Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында үздік ондықтың төртінші сатысында тұр.
Университет сайтында 500-ден астам электронды, мультимедиялык электронды оқулықтар ұсынылған. Қазіргі уақытта электрондық кітапхана қорында 9250-ден астам электрондық білім беру ресурстары бар.
Оқытылатын пәндер бойынша аудио, видео дәрістер Moodle және PLATONUS жүйесіне жүктелген.
Университет сайтының басты бетінде қашықтықтан білім беру айдарында осы мәліметтің барлығы тұр.

-Қалалық университтетерде карантин талаптары сақталған ба?
-Ия, университетте карантин ережелері қатаң сақталуда. Оқу үрдісі басталмаи тұрып аудандық СЭС-тің (Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет) оқу ғимараттары оқу үрдісін бастауға дайын, талапқа сай деген қорытындысын алдық. Ғимараттар дизенфекциялық тунель, санитайзер, дизенфекциялық төсеніш кілемше, антисептиктермен толық қамтамасыз етілген.
Оқу ғимараты ішінде студенттердің, ОПҚ-на бетперде кию міндеттелген.
Білім алушылар аудиторияда, жатаққанада бөлмелердің 50% толымдылығына сәйкес орналастырылуда.
Осы жұмыстың барлығы медициналық қызмет бөлімінің тарапынан қадағалануда.

-Қашықтықтан оқыту оқу сапасына әсер етті ме?
-Әрине қашықтықтан оқыту амалсыздан оолып жатырған жағдаи және дәстүрлі оқытуды ешуақытта алмастыра алмайды. Әсіресе мектеп оқушыларының білім сапасына қатты әсеретті.
АҚШ, Европа елдері мектеп оқушыларының білім сапасы 45-50 % төмендеді деп қобалжу білдіруде.
Ал студенттер ересек азаматтар, цифрлық сауаттылығы жоғары, білімді алудың, ізденудің көзін біледі, сондықтан-да қиындықтуғызбады.
Сондай-ақ ЖОО-на енгізілген кредиттік оқыту жүйесі студенттердің өз бетінше білімін жетілдіруге басымдықбереді.
Қысқы сессия қорытындысы бойынша студенттердің улгерімі 90% ал сапалық көрсеткіш 74% қүрады.
 

Тілші Арайлым РЫСҚҮЛ
 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары