Авторлық куәлік иегері атанды!

Құттықтаймыз!
«Отан және шетел тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Н. Апашеваға «Алғашқы қоғам тарихы» атты электронды оқулығына авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, Авторлық куәлік табысталды.
Тарих мұғалімдерін даярлау, География-тарих мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған «Алғашқы қоғам тарихы» электронды оқулығында адамның пайда болуына қатысты түрлі теориялар мен тұжырымдамалар, адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестік формаларының пайда болуы, жер бетіндегі алғашқы адамдардың рухани және материалдық мәдениеті, дүние туралы алғашқы түсініктердің, білімдер мен діни наным-сенімдердің қалыптасуы жайлы кеңінен карастырылған.
Заман талабына сай жаңашыл мамандарды даярлау жолында сапалы білім мен саналы тәрбие беруде жеткен жетістіктеріңізбен елеулі еңбектеріңіз үшін Сабира Апашеваға шынайы алғыс білдіреміз. Жауапкершілігі орасан зор жұмысыңызда табыс пен сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта да бағындырар белестеріңіз биік бола беретініне кәміл сенімдеміз!

? PDF-нұсқа