Халықаралық байланыстар
- 1 view
? Халықаралық ынтымақтастық туралы ережесі
? Положение о порядке привлечения зарубежных специалистов в университет "Сырдария"
Шетелдік серіктестіктер
Отандық серіктестіктер
1. Эразмус + халықаралық бағдарламасы
Erasmus+ бағдарламасының аясында, Венгрияның Эстерхази университетімен академиялық алмасу жөніндегі екіжақты келісімшарт негізінде,
2018-2019 оқу жылының күзгі семестріне экономика, география, информатика, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтарының 1-3 курс студенттері арасында 4 орынға іріктеу жарияланады.
Негізгі талаптар: 1. Оқу деңгейі транскрипті (GPA 2,5 төмен емес). 2. Ағылшын тілін білу деңгейі В1, В2
Оқу тегін, жол шығыны, виза, сақтандыру және тұрақтайтын орын шығындары бағдарлама тарапынан төленеді.
Оқытушылар үшін:
Жоғарыда аталған мамандық оқытушылары үшін де Эстерхази университетінде ағылшын тілінде сабақ жүргізуге 2 орынға іріктеу жарияланады. Бағдарлама күніне 150 евроны (барлығы 5 күнге-700 евро) құрайтын жалақы төленеді.
Жол, виза, сақтандыру шығындары бағдарлама тарапынан төленеді.
Негізгі талап: Ағылшын тілін білу деңгейі В2-ден жоғары
2. Mevlana
Түркияның АНАДОЛУ УНИВЕРСИТЕТІ 2018-2019 оқу жылына Мевлана бағдарламасы аясында, тарих, орыс тілі және әдебиеті, шетел тілі: екі шет тілі, информатика, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, бейнелеу өнері және сызу мамандығының 1-3 курс студенттеріне, 1 немесе 2 семестр тегін оқуға құжаттар қабылдайды.
Түркия тарапынан студенттерге айына 1000 TL (84000 тг) стипендия тағайындалған, жол ақысы (бару-қайту 100 000 тг), виза мен сақтандыру шығындары (5000 тг) студенттер тарапынан төленеді.
Қажетті құжаттар: (25 ақпанға дейін қабылданады)
- Оқу деңгейі транскрипті (GPA 2,5 төмен емес)
- Өтінім білдіруші формасы
- Ағылшын немесе түрік тілі сертификаты
- Студенттік билет
- 3×4 сурет – 2 дана
Оқытушылар үшін:
Жоғарыда аталған мамандық оқытушылары (2 аптадан 3 айға дейін) аптасына 6 сағаттан кем емес ағылшын тілінде оқылатын лекция үшін түрік тарапынан ақы төленетін іс-сапарға бара алады, лекция оқымайтын оқытушылар бағдарламаға қатыса алмайды.
- Оқытушы портфолиосы (Резюме, публикациялар тізімі, оқитын пәннің жұмыс жоспары)
- Өтінім білдіруші формасы
- Ағылшын немесе түрік тілі сертификаты
Оқытушыларға жол шығыны бағдарлама тарапынан төленеді.
Ескерту: Қажетті құжаттарды дайындау тамыз айына дейін жүзеге асырылады, қазір тек өтінім формасы толтырып жіберіледі. Бағдарлама жайлы толық ақпаратты мына сілтемеден http://www.yok.gov.tr/en/web/cohe/homepage немесе академиялық ұтқырлық бөлімінен аласыз.
Меруерт - тел: 8 747 252 43 68
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу