"Әл-Фараби мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде" атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция

Ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция

2020 жыл 27 қараша күні Ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті. 

Конференцияны өткізудің басты мақсаты - әл-Фараби мұрасын зерделеуге жаңа серпін беру, әлем тарихындағы оның рөлін айқындап, есімін бренд ретінде ұлықтау. 

Конференцияның ашылуы мен пленарлық мәжілісін тарих ғылымдарының кандидаты, доцент «Сырдария» университетінің ректоры Серік Дәулетұлы Мамраимов жүргізді. Конференцияда туысқан Түркия еліндегі «Фырат» университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ерджан Алкая құттықтау сөз сөйледі.

Спикерлер: Петров Ғылым және өнер Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Душкин Алексей Михайлович, Амиргазин Кайыртай Жакупович (РФ), Халықаралық ақпараттық ғылымдар Академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Якубов Максадхан Султаниязович, техника ғылымдарының докторы, профессор Раджабов Бахтияр Шарипович (ӨР), және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің доценті, психология ғылымдарының кандидаты Бапаева Мариям Курмангалиевна, тағы да басқа отандық ЖОО ғалымдар Ғұлама ғалымның кезінде жауап беруге тырысқан - бақыт, адамның жетілуі туралы сұрақтарға қазіргі заман тұрғысынан жауап беруге және екінші ұстаздың еңбектері бүгінгі адам мен қоғам үшін аса өзекті екендігіне тоқталды. 

Конференция бағдарламасына сәйкес 4 секция жұмыс жасады: Гуманитарлық ғылымдар; Жаратылыстану ғылымдары; Педагогикалық ғылымдар; Экономикалық ғылымдар мен құқықтану секциялары. Конференция барысында 115 баяндама тыңдалды, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Кыргызстан, Тажикстан және басқа да 37 шет елдік және отандық ЖОО профессорлары мен оқытушылары баяндама жасады.

Конференция жұмысы туралы әлеуметтік желілерде, YouTobe каналында тікелей трансляция жүргізілді.

Конференцияның жабылу мәжілісінде резолюция жарияланды.